Page 23 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 23
лекеттік тілімізді бекемдей түсу жолында
жауапкершілік пен тиянақты істер өте қа-
жет. Мәселен, ономастика, топоними-
ка саласында қазақ сөздерінің молынан
көрініс табуы, жер-су, елді мекен атаула-
рының ана тілімізде өрнектеліп, бір жү-
йеге түсуі – маңызды мәселе. Себебі ана
тіліміздің дамуы топонимдермен тығыз
байланысты.
Географиялық атауларда (топонимдер)
физикалық-географиялық, тарихи-этно-
графиялық, тұрмыс-тіршілікті, экология-
лық мәселелерді қамтитын ақпараттар
бар. Ал ақпарат белгілі заңдылықтарға
негізделіп, кез келген халықтың әлеу-
меттік-экономикалық даму жағдайын
анықтайды. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ
халқы мыңдаған жыл бойы байтақ Еура-
зия кеңістігін игеру барысында аумақтық
топонимдерде өз тіліне тән атаулар қал-
дырды. Түркі түбірлі топонимдер Қиыр
Шығыстағы Камчаткадан Еуропаның
22