Page 18 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 18

сөз. Бұл – бір. Екіншіден, халқымыз ұшы-


        раған репрессияға ана тіліміз де ұшырады.

        Тілге қатысты құндылықтар мен ұлы ой-

        шылдардың ой-пікірлері ұлтымыздың қо-

        лына кейін тиді. Мәселен, А. Байтұрсынұлы,

        М. Дулатұлы, Ж. Аймауытұлының құнды

        пікірлері мен еңбектері халыққа олар ақ-

        талған соң тиді.


            Тілші ғалымдар А. Байтұрсынұлының,

        Қ. Жұбановтың, Н. Сауранбаевтың көз-

        қарастары мен пікірлері басқа ұлттардың

        ойшылдары ұсынған көзқарастардан кем

        емес еді. Бірақ олар қазақ халқына, одан

        әрі әлемге жетті ме? Жеткен жоқ. Осының

        бәрі тоталитарлық режімнің қазақ тіліне

        салған тұсауынан болды. Айта берсек, мұн-

        дай мысалдар көп.


            Соған қарамастан, барлық рухани, мә-

        дени құндылықтарды сақтап, ұрпақтан

        ұрпаққа, ХХІ ғасырға аман алып жеткен

        ұлы құндылық – тіл, қасиетті қазақ тілі. Ұлы

        ойшылдар тіл арқылы дүниені тану мен ба-

        ғалаудың өзгеше үлгісін қалыптастырды,




                                                                                    17
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23