Page 14 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 14

Стиль. Сөйлеу стилі


               Стиль дегеніміз – өмірдің белгілі бір

           саласында қолданылып, тарихи қа-

           лыптасқан тілдік құралдардың жүйесі.

           Тіл қолданысына қарай стиль мынадай

           топтарға ажыратылады:


               1) сөйлеу стилі;

               2) кітаби-жазба стиль.

               Сөйлеу стилі. Сөйлеу тілі адамдар-

           дың бір-бірімен күнделікті қатынасында

           пайдаланылады. Сөйлеу тілі диалогтен

           құралады. Диалог репликалар (диалог

           үстінде қарсылық білдіру, құптау мә-


           нінде айтылатын қысқаша жауап) тіз-

           бегінен тұрады да, қысқа, тұжырымды

           болып келеді.

               Сөйлеу тілінің ерекше бір түрі – моно-

           лог. Монолог – бір кісінің сөзі, ол күрделі

           ойға құрылып, әртүрлі тәсілмен жеткі-

           зіледі.







                                                                                    13
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19