Page 17 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 17
§ 2. Жаһандану дәуірі мен ана тілі
1. Жаһандану дәуіріндегі ана тіліміздің жай-
күйі қандай болмақ? Өз ойларыңды ортаға са-
лыңдар.
2. Мәтінді түсініп оқып, тақырыбын, қыз-
метін, құрылымын, тілдік ерекшелігін
алдыңғы сабақтағы оқылым мәтінімен
салыстыра талдаңдар.
Жаһандану және мемлекеттік тіл
Жаһанданудың тілдегі көрінісі қалай бо-
луы мүмкін деген сауалға жауап беру үшін,
тілмен бірге халықтың, ұлттың басынан
өткен кезеңдерге көз жүгіртуге тура ке-
леді. Ең алдымен айтарымыз – Ғабит
Мүсіреповтің сөзімен бейнелеп түсін-
дірсек, «біз – сағат санап, күн санап өскен
ел емес, замана таңбаларын санап өскен
елміз».
Бұл не деген сөз? Бұл – «ғасырлар бойы
өз сөйлеу өнері, ойлау мектебі бар көне
дәуірлерден келе жатқан ежелгі жұртпыз,
өркениет келбетін жасаған елміз» деген
16