Page 19 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 19
халық ретінде, ұлт ретінде өмір сүрудің тіл-
дік кеңістігін жасады. Бұл – бір-екі жылда
жеткен жетістік емес.
Қазақ тілінің бұдан бес-он жыл бұрынғы
кеңістігі мен жағдайы қалай еді, қазір қа-
лай? Қазіргі уақытта әкесі мен атасы қазақ-
ша әрең сөйлеп, өз ойын қазақша қиналып
жеткізгенімен, баласы немесе немересі қа-
зақша әлдеқайда еркін сөйлейтін отбасын
жиі кездестіруге болады. Бұл – мәселенің
басы ғана.
Осындай күрделі кезеңдерге жаңадан
қалыпты жағдайға түсіп келе жатқан қазақ
тілін жаһанданудың көлеңкесіне қалдыру
қаупі қазір бәрімізді де алаңдататыны сөз-
сіз.
Жаһандану кезеңінде тәуелсіздігімізді
сақтап қалғымыз келсе, ең әуелі тілімізді
қорғай отырып, оның мемлекеттік тіл ре-
тінде тамыр жаюына бәріміз бірдей жауап
бергеніміз жөн.
(Фаузия Оразбаева)
18