Page 6 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 6
АЛҒЫ СӨЗ
Қымбатты оқушылар!
Тіл сөйлеу үстінде өмір сүреді және
адамзаттың аса маңызды қатынас құралы
қызметін атқарады. Қазақ тілін оқытудағы
жаңа буын оқулықтарының басты мақсаты
да осыған негізделген.
Енді сендер «Қазақ тілі» пәні бойынша
әртүрлі тақырыптардың аясында ұсыныл-
ған оқу мәтіндерімен жұмыс жасайсыңдар.
Біртіндеп дамып келе жатқан ғаламдану-
дың пайдасы мен зиянын саралауға, әлем-
дік бәсекелестік үдерісінде елдікті сақтау
жолдарын түсіндіруге арналған «Жаһанда-
ну мәселелері» тақырыбындағы ақпараттар
сендердің ой-өрістеріңді кеңейтіп, тұлғалық
қабілеттеріңді дамытуды көздейді.
Қазақстан бүгінде әлемнің өркениетті
елдер қатарынан орын алу үшін дамудың
5