Page 8 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 8
сендердің азаматтық көзқарастарыңды қа-
лыптастыруға, дүниежүзінде болып жатқан
сан қилы оқиғалар мен соғыс апаттарының
зардабын түйсінулеріңе көмектеседі деп
ойлаймыз.
Жоғарыда аталған лексикалық тақы-
рыптар бойынша берілген алуан түрлі ақ-
параттар, өзіндік және шығармашылық
тапсырмалар сөйлесім әрекетінің түрлерін
меңгерулеріңе, сонымен қатар қазақ тілінің
стильдері мен синтаксис саласына қатыс-
ты білімдеріңді дамытуға мүмкіндік береді.
Онда тыңдаған мәтіндерді түсініп, талдау-
ға; оқыған, тыңдаған оқу материалдары
төңірегінде достарыңмен ой бөлісуге, пікір
таластыруға бағытталған тапсырмалар
ұсынылады. Бұл сендердің тақырып бойын-
ша ұсынылған мәтіндермен тиімді жұмыс
істеулеріңе, меңгерген білім деңгейлеріңді
анықтауға, зейін-зерделеріңді жетілдіруге
оң ықпал етеді деп сенеміз!
Оқулық авторлары
7