Page 61 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 61
дағы күрестің нүктесін қоюмен бірге, оның
басталған күні де болды. Бүгін әр қазақ-
стандық оны өзінің жеке тәуелсіздігі мен
табысты күні есебінде мерекелей алады.
Әлем жаңа мемлекеттердің қалыптасуы-
на мұқият зер салды. Қазақстанның тәуел-
сіздігін алғашқы болып Түркия мойында-
ды. Оқиға Тәуелсіздік туралы Заңға қол
қойылғаннан кейін бірнеше сағат өткенде
жүзеге асты және қазақстандықтар түркі
ынтымағының мұндай көрінісін жоғары
бағалады. Келесі күні Қазақстанды Ресей
Федерациясы, 25 желтоқсанда Америка
Құрама Штаттары мойындады. 1992 жыл-
дың 3 қаңтарында бұл ұлы державалар-
ға – Қытай, ал жылдың соңына дейін тағы
102 мемлекет қосылды.
1993 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассам-
блеясының пленарлық мәжілісінде Қазақ-
стан Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылда-
нып, әлемдік қоғамдастықтың толыққанды
мүшесіне айналды.
60