Page 56 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 56
мызды қайта толтырып, шығармашылыққа
даңғыл жол ашқан Қазақстан тарихындағы
айтулы гуманитарлық іс-шаралардың бірі
ретінде ұлттық брендімізге, тарихи шежі-
ремізге айналды.
Мәдениет және спорт министрлігінің
мәліметіне сүйенсек, бағдарлама аясында
Отанымыздың тарихы, археологиясы, эт-
нографиясы мен мәдениеті бойынша 600-
ге жуық кітап бір жарым миллион данадан
астам таралыммен басылып шықса, олар-
дан бүгінде «Бабалар сөзі», «Әлемдік фи-
лософиялық мұра», «Әлем әдебиеті кітап-
ханасы», «Ежелгі уақыттан біздің күнімізге
дейінгі қазақ халқының философиялық мұ-
расы»,«Қазақ әдебиетінің тарихы» тәрізді
құнды еңбектер халқымыздың баға жетпес
алтын қазынасы ретінде бағалануда. Ал
«Қазақтың дәстүрлі 1000 әні», «Қазақтың
дәстүрлі 1000 күйі» альбомдары – «Мәдени
мұра» бағдарламасы бойынша қол жеткі-
зілген ауқымды жобалар.
Елдегі ескерткіштерді түгендеу жұмысы
қарқынды жүргізілді. Республикалық және
55