Page 54 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 54
Қорытындылай келгенде, осы аталған
жұмыстардың жүзеге асырылғандығын
құптаймыз.
(ҚазҰУ хабаршысынан)
3. Оқылым мәтініндегі мәліметтерді қа-
растырып, ой түйінін жасаңдар. Негізгі
ақпаратты тезис түрінде беріңдер.
Көркем әдебиет стилі
Көркем әдебиет стилі проза, поэзия,
драматургия салаларында жазылған
көркем шығармаларда жазбаша; көпші-
лік алдында, сахнада айтылатын әңгіме,
аңыз т.б. жанрларда ауызша қолданы-
лады.
Қарым-қатынас мақсаты – шындық-
ты, ақиқат өмірдегі заттар мен құбы-
лыстарды бейнелеу арқылы оқырман
сезіміне әсер ету.
Стильдік сипаты: сөздер образды
түрде қолданылады, эмоционалды-экс-
прессивті болады.
53