Page 52 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 52
§ 7. Жаһандану процесіндегі
Қазақстанның құндылық
бағдарлары
1. Сендердің ойларыңша, әлемдік жаһан-
дану процесі Қазақстанға қалай әсер
етуде?
1. Сызбадағы мәліметтерді өңдеп, мәтін-
ді толықтырып оқыңдар.
Қазіргі жаһандану процесі жүріп жатқан
кезеңде Қазақстан қоғамының өз мүдделе-
рін қорғай отырып, даму үрдістерін өзінше
жүргізгені дұрыс болар еді.
Біздің пікірімізше, Қазақстанда бұл үшін
барлық алғышарт қалыптасқан және ХХІ
ғасырда Қазақстан әлемдік мәдени кеңіс-
тікке көп мәдениетті тоғыстыра отырып,
өзіндік келбетін айқындаған өркениет ре-
тінде енетіні күмән туғызбайды.
М.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді
түзе» деген ұлағатты сөзі қазақ халқы-
ның өмірлік принциптерінің біріне айналуы
қажет.
51