Page 48 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 48

сы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада


        қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке
        сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ...


            15 ақпан 2019 жыл                     (қолы)



            Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы

        хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған

        ресми құжат. Өмірбаян оқуға түсу, жаңа

        қызметке орналасу т.б. кезінде жазылады.

        Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні,

        айы және туған жері, ұлты, отбасы жағда-

        йы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі

        мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б.

        қосымша мәліметтер көрсетіледі.



            Түйіндеме немесе резюме (фр. résumé –

        «айтылған я жазылған мәселенің қысқаша

        түйіні») – белгілі бір тұлға жайлы нақты,

        қысқа мәлімет беретін ісқағазының бір түрі.

        Жұмысқа орналасатын адам түйіндемеге

        білімі, біліктілігі, жеткен жетістігі, кәсіптік

        шеберлігі, жұмыс тәжірибесі, не нәрсеге

        икемділігі бар екені туралы толық жазуы

        керек. Түйіндеме сол адамның кең көлем-
        дегі визит карточкасы іспеттес.



                                                                                    47
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53