Page 43 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 43

қасында жүрген маман болғандықтан, жазу


             реформасына тағы да бір оралуға тура ке-

             ліп отыр.

                 Ең алдымен, қазақ тілінің өзіне ғана тән

             төл дыбыс құрамының басын ашып ала-

             йықшы... Өйткені көбіміз дәл осы мәселеге

             келгенде шорқақпыз. Оған себеп жылдар

             бойғы «орыстандыру» саясаты болды. Ең


             жанға бататыны, орыс тілінің «игі ықпалы»

             деген сылтаумен, өткен ғасырдың 50-жыл-

             дары төл сөздеріміздің жазылу емлесіне

             қосылған  и, у тәрізді таңбалар (дыбыс

             емес) болды. Оқулық біткен осы күнге де-

             йін түгел сол жапсырмадан арыла алмай

             келеді.

                 Мектептен (тіптен балабақшадан) бас-

             тап «қазақ тілінде 42 дыбыс бар» деген


             тоқпақпен өскен ұрпақтан не сұрайсыз?

             Өзгені былай қойғанда, қазақ тілінің мұ-

             ғалім-оқытушыларының өзі осыған ұйып

             қалған...


                                                            (Әлімхан Жүнісбек)






             42
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48