Page 40 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 40

Біріншіден, әлемдік тәжірибені ескере


        отырып, латын әліпбиінің реттік орналасу
        тәртібін сол күйінде қалдырдық. Мысалы,


        ағылшындар, немістер, итальяндар, түрік-
        тер, тіпті әзірбайжан мен өзбектердің латын


        әліпбиінің орналасу реті (кейбір ерекшелік-
        терді қоспағанда) бірдей. Ал айтылуы, оқы-


        луы басқаша. Біз әріптердің дыбысталуын
        сол күйінде қалдырдық.


            Екіншіден, латын әліпбиін пайдаланатын
        елдерге ортақ заңдылық – транскрипция.


        Транскрипция сөздің оқылуын, дыбысталуын
        білдіреді. Сондықтан Қазақстандағы жазу


        тілі латын графикасына көшкен жағдайда,
        оның транскрипциясы қоса ұсынылады.


            Қоғам дамуының заманауи талаптарына
        лайық болу үшін, қазақ жазуының латын


        графикасына көшуі – мемлекеттік деңгей-
        дегі мәселе. Әлемдегі елдердің 70%-дан


        астамы латын қарпін қолданады. ХХІ ғасыр-
        да латын әліпбиі технология, ақпарат, ком-


        муникация тіліне айналып отыр. Бұл оның
        экономикалық тиімділігін де айқындайды.


                                                         (Арман Байқадам)



                                                                                    39
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45