Page 36 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 36
на әкеліп соғады. Ал хаос ешқашан ұзаққа
созылмайды. Оның орны басқа мәдениет-
тер тарапынан оп-оңай толтырыла салады.
Өзінің «менін» ұмытқан адам – қаңбақ.
Оның мақсаты мен бағытын тек «жел» ғана
анықтайды. Мәдениетін ұмытқан қоғамның
да ахуалы осындай.
(Досай Кенжетай)
4. Ойталқыда көтерілген екі пікірдің бірін
жақтап, «Артық болмас білгенің» айдарымен
берілген пікірге де өз көзқарастарыңды білдіріп,
аргументті эссе жазыңдар. Сөз саны – 80-100.
5. Өздерің жазған аргументті эсседегі
тілдік бірліктердің (эмоционалды-экс-
прессивті сипаттағы сөздерді қолдану,
фактіні толық және жүйелі баяндау) публицис-
тикалық стильге тән екенін дәлелдеңдер.
6. Мәдени жаһандану процесіне байла-
нысты қосымша ақпараттар жинап, пре-
зентация дайындаңдар.
35