Page 35 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 35
Публицистикалық стиль эмоционал-
ды-экспрессивтік сипаты жағынан көр-
кем әдебиет стиліне жақын, ал фактіні
толық және жүйелі баяндау тәсілі жа-
ғынан ғылыми стильге жақын. Публи-
цистикалық стильдің жазбаша түріне
газет, журналдардағы саяси тақырыпқа
жазылған мақалалар, очерктер т.б. шы-
ғармалар, ал ауызша түріне шешендік
сөздер жатады.
Мәдениет – қоғамның заттық-рухани
салалары тарапынан жасампаздық-
пен дүниеге келген «перзенті», яғни
мирасы. Сол мирасты иемденушілер әр
дәуірде оған қамқор болып, төл мәдение-
тінің жанашыры екендігін тілімен емес, ісі-
мен дәлелдей білуі қажет. Әйтпесе ондай
қоғам өз мирасының иесі емес, жетімегі
болып шыға келеді. Мұндай жағдай қоғам
үшін берекетсіздік пен хаостың туындауы-
34