Page 39 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 39

Латын графикасына көшу –


                                       заман талабы


                 Көрші буындардың, дыбыстардың бір-

             біріне ықпал жасап, өзара ұқсауы үндес-

             тік заңы (сингармонизм) деп аталады.

             Сингармонизм гректің syn – «бірге» және

             harmoni  –  «байланысу»,  «үндесу»  деген
             сөздерінен шыққан. Сингармонизм заң-

             дылықтары бойынша сөздің алғашқы буы-

             ны жуан болса, келесі буындары да жуан

             және оған жалғанатын қосымша да жуан

             болады. Сөздің алғашқы буыны жіңішке

             болса, келесі буыны да жіңішке және оған

             жалғанатын қосымша да жіңішке болады.

                 Осының бәрінің негізінде Ахмет Байтұр-

             сынұлының: «Қазақ сөзі екі түрлі: бір түрі –

             жуан, екінші түрі – жіңішке. Жуан сөздің

             ішіндегі дыбыстарының бәрі жуан болады,

             жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі

             де жіңішке болады», – деген пікірі жатыр.

                 Бұдан шығатын қорытынды: қазақ жа-

             зуына негізделген латын графикасының
             мүмкіндігі сингармонизм заңына тікелей


             тәуелді.



             38
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44