Page 10 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 10
§ 1. Биотехнология – ХХІ ғасыр
сұранысы
1. Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтіннің
тілдік құралдарына талдау жасай оты-
рып, стилін анықтаңдар.
Биотехнология тарихы
Биотехнология дегеніміз – биологиялық
организмдердің қатысуымен жүретін про-
цестерді адамның мақсатына сай өзгерту
арқылы өндірісте пайдалану.
«Биотехнология» деген терминді алғаш
рет 1919 жылы венгр ғалымы К.Эреки ен-
гізді.
Қазіргі биотехнологияның басты мақса-
ты – өсімдіктердің жаңа сұрыптарын, жа-
нуарлардың асыл тұқымын шығару. Оны
адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін
биологиялық нысандар мен процестерге
негізделген жаңа ғылымның және өндіріс-
тің сапасы деп қарауға болады.
Қазіргі биотехнологияның мынадай не-
гізгі бағыттары бар:
9