Page 15 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 15

Шартты бағыныңқы сабақтас

                                    құрмалас сөйлем


                    Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлем-

                дегі ойдың болу-болмау шартын білдіре-

                тін сабақтастың түрі шартты бағыныңқы

                сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады.

                    Бағыныңқы сөйлемінің баяндауышта-

                ры мынадай тұлғалардан жасалады:


                    1. Етістіктің шартты рай түрінен бо-

                лады: Осындай қалың жұрт батысқа

                қарай ағылып бара жатса, сол көптің

                бірі боп біз қандай оп-оңай араласып

                кетер едік.

                    2. Болымсыз етістіктің -й тұлғалы кө-

                семше түрінен болады: Қазақ білімге

                бет бұрмай, ел алға жылжымас.

                    3. Жатыс септік тұлғасындағы есім-


                шеден болады: Қара теке Әзімбай бол-

                ғанда, осы текенің әкесі – сары теке

                қатар тұр еді.









             14
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20