Page 20 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 20

3. Академиктің «гендік модификациялан-

                    ған өнімдер адам өміріне қауіпсіз» деген

                    пікіріне қалай қарайсыңдар?






                       Қарсылықты бағыныңқы

                     сабақтас құрмалас сөйлем


               Басыңқы сөйлемдегі ой бағыныңқыда

           айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы

           ой басыңқыдағы ойға қарсы қойылатын

           сабақтастың түрі қарсылықты бағы-

           ныңқы сабақтас құрмалас сөйлем деп

           аталады.

               Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышта-

           ры мынадай тұлғалардан жасалады:

               1. Шартты райлы етістікке да, де шы-

           лауы тіркесінен болады: Қанша тырыс-

           са да, тобығы орнына келмеді.

               2. Болымсыз тұлғадағы етістіктің

           шартты райынан болады:  Мотор үні

           өшті демесең, екпіні басылмай тұр.

               3. Көмектес септік тұлғасындағы есім-

           шеден болады:  Бұл атыраптың күні

           ыстық болғанмен, түні салқын.




                                                                                    19
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25