Page 18 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 18
2. Сұхбатты «Пікірлер желісі» әдісімен
оқыңдар. Мәтіннің жоғарыдағы суретпен
қандай байланысы бар? Академиктің
пікірімен келісесіңдер ме? Өз ойларыңды орта-
ға салыңдар.
Төрегелді Шарманов
академик, Қазақ тағам-
тану академиясының
президенті:
– Мен гендік модифи-
кацияланған өнімді бір кі-
сідей-ақ зерттеп келемін.
Тағамды гендік өзгерту
арқылы көбейтуді алды-
мен америкалық ғалымдар 50-жылдары
ашқанын жұртшылық жақсы біледі. Содан
бері әлемде трансгендік өнімдер туралы
неше түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ ешқай-
сысы нақты ғылыми тұжырымдалған жоқ.
Сондықтан оның қаупі бар деп алдын ала
байбалам салудың керегі жоқ. Тосқауыл
саламыз деп те бас қатырудың қажеті ша-
малы. Қазір АҚШ, Жапония, Қытай, Ко-
рея сияқты елдердің бәрі гендік өзгеріске
17