Page 19 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 19
ұшыраған жаңа өнімдерді қаптатып шы-
ғарып жатыр. Бұл өнімдер жылдан жылға
көбеймесе, азаймайды. Қайсыбіреулер:
«Гендік модификацияланған азық-түлік
ісік ауруларын туғызады, ағзаны зақымдай-
ды, генді бұзады, иммунитетті төмендете-
ді», – деп жүр. Мұның бәріне сене беруге
болмайды. Адамның гені тамаққа бола бұ-
зыла салатындай оңай нәрсе емес. Оның
бірнеше қабат қорғаныс күші бар. Ағзаның
генетикалық кодын бұзу үшін радиация мен
химиялық жойқын күш керек. Сондықтан
қауіп тамақта емес. Қайта құрылымы, пі-
шіні өзгерген тамақтың құрамы әртүрлі
дәрумендермен байытылып, нәрлілігі арта
түседі. Кезінде жануарлардың асылтұ-
қымын, өсімдіктердің ерекше сорттарын,
пайдалы микроорганизмдердің штамдарын
жаңартып шығаратын селекция әдісі пайда
болған кезде күллі дүниежүзі дүрлігіп, оған
қарсы тұрды. Бүгінде оның пайдасының
көп екеніне көз жеткіздік. Сондықтан та-
ғамды молайтуға мүмкіндік жасап отырған
технологияның шыққанына қуану керек.
(Сұхбаттасқан Қымбат Тоқтамұрат)
18