Page 117 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 117
және опера залы орналасқан. Сахна жа-
нында 80 музыкантқа арналған 2,8 метрлік
оркестрлік орын бар.
Ең үлкен зал – 2000 шаршы метр аудан-
ды алып жатқан «Хеопс атриум» залы. Осы
залда Елордамызды 2030 жылға дейін да-
мытуға арналған басты жоспарының макеті
орналасқан.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас-
шыларының съезі пирамиданың ең жоғарғы
қабатындағы Қазақстанның Мемлекеттік
туымен түстес витраждармен безендірілген
дөңгелек залда өтеді. Оны «әлемнің қолын»
бейнелейтін төрт тірек ұстап тұрады.
Бір қабат төменде үлкен кітапханасы бар
әлемдік діндерді зерттеу орталығы орна-
ласқан.
Пирамиданың ортасына қарай иілген
қабырғаларда аспалы бақтар орнатылған.
Пирамиданы елімізде бір шаңырақ ас-
тында тату-тәтті өмір сүріп жатқан әртүрлі
ұлт өкілін бейнелейтін 130 көгершіні бар
үлкен шыны күмбез қоршап тұр. Түнгі уа-
қытта күмбез жанып, маяк секілді әртүрлі
116