Page 122 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 122
Түркіменстан және Қырғызстан болса;
екіншісі – мемлекет пен халық ішінде ше-
шім қабылдауда діннің рөлі зор Тәжікстан
мен Өзбекстан елдері. Сондықтан діни
экстремистік ұйымдар мен қозғалыстар-
дың Орталық Азия мемлекеттері ішінде
Өзбекстан мен Тәжікстанда тереңнен да-
муы – заңдылық. Діни экстремистік ұйым-
дар бұл елдердің ішіндегі саяси тұрақ-
тылықты ыдыратып, исламдық халифат
құруға КСРО құлаған сәттен бастап жең тү-
ріп кірісе бастады. 1992-1997 жылдардағы
Тәжікстандағы азаматтық соғыс пен 1999
жылғы Ташкентті дүр сілкіндірген террор-
лық әрекеттер, 2005 жылғы Андижандағы
оқиғалар – соның дәлелі.
Орталық Азияның ойранын шығарып,
тәуелсіз елімізді төңкеріп тастағысы келе-
тін террорлық топтар табалдырығымызда
есік қағып тұр. Сақтықпен күн кешетін
халық қана келер күннен үміт күте алмақ.
Қарашоқы қақпаны ашпаса, Отырар құ-
ламас еді. Дәл сол сияқты қақпаны іштен
ашар жау барын да ұмытпайық. Ал ол
121