Page 155 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 155
Минералдық шикізат ресурстары – елі-
міздің даму стратегиясын анықтайтын
негізгі факторлардың бірі. Маңыздылығы
жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші
топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз
ететін мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен
орындары жатады. Екінші топты қаржы
түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстан-
ның индустриялық бет-бейнесін танытатын
темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш,
алюминий және алтын кен орындары құ-
райды. Үшінші топқа ішкі және сыртқы на-
рықта жоғары сұранымға ие қалайы, күміс,
фосфор, барит кен орындары кіреді.
Кен байлықтардың барланған қоры не-
гізінде мұнай, газ және кентас өндіретін
кәсіпорындар жұмыс істейді. Олар 70-тен
аса минералдық шикізат түрін өндіреді
және өңдейді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның кен орын-
дарындағы өндірістің даму дәрежесін ірі
әлемдік өндірушілермен салыстыруға бо-
лады.
(Қазақстан Республикасы Президентінің
ресми сайтынан)
154