Page 160 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 160

§ 6. Қазақстан Республикасының


                     энергетикалық ресурстары



                    1. Сендердің ойларыңша, энергетикалық

                    ресурстардың түрлері мен құрамдас бө-
                    ліктері қандай? Өзара ой бөлісіңдер.




                    2. Мәтінді оқып, құрылымы мен рәсім-
                    делуіне көңіл аударыңдар.



            Энергетика жүйесі – электр энергиясы

        мен қуатын өндіру және электрмен жаб-

        дықтау жүйесі. Қазақстанның энергетика

        жүйесі – ұлттық экономиканың өндірістік

        және әлеуметтік инфрақұрылымындағы

        маңызды сала әрі өнеркәсіптің басқа са-

        лаларын дамытудың басты базасы.

            Кеңестік билік дәуіріне дейінгі кезеңде

        Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дең-

        гейі төмен болды, сол себепті оның энерге-

        тикалық базасы тым кенже қалды. Ғалым-

        дардың деректері бойынша, қазақ жерінде

        барлық электрстансылардың қуаты 2,5

        мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына

        1,3 млн кВт/сағ электр қуаты өндірілген.




                                                                                  159
   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165