Page 163 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 163
мен және Бұқтырма су электрстансылары
(СЭС), Іледе Қапшағай СЭС-і жұмыс істе-
ді. Аса ірі Ақсу АСЭС-ы Екібастұз кенішінің
арзан көмірін пайдаланды.
Электр энергетикасы секторын рефор-
малау бағдарламасын дәйектілікпен іске
асыру нәтижесінде 2000 жылдан бастап
оң өзгерістерге қол жеткіздік: 2001 жыл-
дың басында Қазақстанның электр энер-
гетикасы секторының экспорттық әлеуеті
500-1000 мВт деп бағаланды. Мысалы,
Екібастұз АЭС-ы 2001 жылдан Ресейге
(Омбы облысы) 300 мВт электр қуатын
экспортқа шығара бастады.
2030 жылға дейін электр энергетикасын
дамыту бағдарламасы шеңберінде Қа-
зақстанның электр энергетикасы жөнінен
тәуелсіздігін қамтамасыз етудің кешенді
жоспары әзірленді.
(«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясынан)
3. Оқылым мәтініндегі құрмалас сөйлемдерді
анықтап, тыныс белгілерінің қандай ережелер
бойынша қойылғанын түсіндіріңдер.
162