Page 168 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 168
тауы бөктерінде майқарағай, балқарағай,
Сібір шыршасы орманы; оңтүстік бөлігін-
дегі таулы аймақта Тянь-Шань шырша-
сы; оңтүстіктегі шөлді аймақта сексеуіл,
ал өзендердің бойында жиде, тораңғыл,
жыңғыл, шырғанақ тоғайы өсетінін бай-
қаймыз. Ел байлығы – орман ресурсын
сақтай білудің маңызы зор. Орман – жан-
жануарлардың мекені, адамдардың ты-
нығатын орны. Орман ресурсына ең көп
залал келтіретін тілсіз жау – өрт. Өртке
басты себеп – адамдардың ұқыпсыздығы.
Орман алқаптарын ұқыпты пайдалану,
оларды қорғау – бүкіл халық алдындағы
негізгі міндеттердің бірі.
3. Оқылым мәтінінен бірыңғай мүшелі жай
сөйлемдерді анықтап, олардан құрмалас сөй-
лемдер құрастырып жазыңдар. Тыныс белгіле-
рінің дұрыс қойылуын сипаттаңдар.
Үлгі:
Елімізде өсімдіктердің 400-ден аса, ал
дәрілік өсімдіктердің 250-ден аса түрі кез-
деседі. Елімізде өсімдіктердің 400-ден аса
167