Page 166 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 166
§ 7. Қазақстан Республикасының
биологиялық ресурстары
1. Биологиялық ресурстар дегеніміз не?
2. Мәтінді түсініп оқып, негізгі мәлімет-
ті анықтаңдар. Дереккөзі мен авторына
сілтеме жасай отырып, ой бөлісіңдер.
Қазақстан жерінде алуан түрлі жануар
мен өсімдік әлемі кездеседі.
Республикамыздың флорасы бай және
сан алуан. Елімізде өсімдіктердің 400-ден
аса, ал дәрілік өсімдіктердің 250-ден аса
түрі кездеседі.
Елімізде омыртқалы жануарлардың 835
түрі, сүтқоректілердің 155 түрі; құстың 500-
ге жуық; бауырымен жорғалаушылардың -
49; қосмекенділердің – 12; балықтың – 150;
балық тәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді.
Атап айтқанда, кез келген адамға таныс аю,
қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, кірпі, үйрек,
тырна, қаз, аққу, бүркіт, қараторғай, бұл-
бұл, улы сұр жылан, бақа, алабұға, шортан,
сазан және тағы басқалар кездеседі.
165