Page 175 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 175
Болашақтың энергиясы
Энергия – бұл адамзат тіршілігінің
дамуына жағдай жасаушы және ынталан-
дырушы бірден-бір табиғи қайнар көз.
Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі
оның әлеуметтік, экономикалық және эко-
логиялық тұрақты дамуының аспектіле-
рін анықтайды. Технология саласындағы
әртүрлі қуат көздерін оңтайландырумен
байланысты ғылыми зерттеулер мен жетіс-
тіктер қоғамдастықтардың функционалды
тәсілдерін анықтап, энергетиканың тұрақ-
ты даму болашағын қалыптастырады.
Астанада «Болашақтың энергиясы» та-
қырыбымен өткен «ЭКСПО-2017» көрмесі
кең ауқымды және барлығын қамтушы
жоба ретінде ойластырылды.
Болашақ энергиясы қазіргі заманның
келелі мәселелеріне және болашақтағы
шешімдерді болжауға қатысты міндеттерді
шешуге бағытталған, ойлануға нәр беретін
ауқымы кең тақырып болып отыр.
174