Page 178 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 178
Тыңдалым мәтіндері
12.mр3
Гендік инженерия – заман талабы
Евгений Климов, эколог-биолог:
– Гендік модификацияланған өнімдер-
дің зиянын көптеген мамандар айтып жүр.
Мен де олардың пікірімен келісемін. Біз
2002 жылы ГМО қауіпсіздігі және экоту-
ризмді дамытумен айналысатын қоғамдық
қор құрдық. Осы уақыттан бастап транс-
гендік өнімдерді жан-жақты зерделей
келе, мұның, шынымен де, өзекті мәселе
екеніне көз жеткіздік. Жасанды тағамдар-
дың пайдалы екенін айтып жүргендердің
көбі – өнімдерге аз уақыт қана зерттеу жүр-
гізгендер. Негізінен, генетикалық тұрғыдан
өзгеріске ұшыраған ағзалардың адамға
қалай әсер ететінін білу үшін ұзақ мерзімді
зерттеу қажет. Модификацияланған өнім-
дерді тұтыну тұрмақ, осындай азық-түлікті
өсіріп шығаратын елдерде қуықалды безі
мен сүт бездерінің қатерлі ісігі басқалар-
дан төрт есеге көп болатыны анықталған.
177