Page 185 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 185
15.mр3
Әлемдік мүдде
Қазіргі таңда әлемдік тәртіптер мен мем-
лекетаралық қатынастардың өзара тәуел-
ділік пен ортақтасу принципіне бейімделе
түскендігі нақты байқалады. Әлем халық-
тары мен мемлекеттері жаһандық қауіптер
мен мәселелерді бірлескен күшпен, өзара
келісім саясатымен ғана шешуге болаты-
нын ұғынып отыр. Әлем мемлекеттерінің
жаһандық мәселелерді шешуге қатынасу
жолдары БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ сияқты
халықаралық ұйымдар арқылы жүргізіл-
се, әлем халықтары жаһандық қауіптерге
қарсы халықаралық азаматтық ұйымдар
Гринпис, Халықаралық Қызыл Крест, Ше-
карасыз дәрігерлер, феминистік, гендерлік
ұйымдар қызметтері арқылы жүргізілуде.
Мемлекеттер мен халықтар жаһандық
мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында
әлемдік қауымдастық құрып отыр. «Әлем-
дік қауымдастық» ұғымын алғаш рет рес-
ми түрде 1969 жылы БҰҰ Бас Ассамблея-
184