Page 187 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 187
16.mр3
Баламалы энергия көздері
энергетикалық тәуелділіктен
құтқара ма?
Қазіргі күні Қазақстанда электр энер-
гиясының 74%-дан астамы орталық және
солтүстік аймақтардағы көмір кен орында-
рынан өндіріліп, оның 66%-дайы дәл сол
өңірлердің өзіндегі қажеттілікке жұмсала-
ды. Ал оңтүстік өңірлерде энергия тұтыну
оны өндіруден екі есеге дейін артып, қуат
көзінің белгілі бір мөлшерін Өзбекстан мен
Ресейден сатып алуға, Қырғызстанмен
айырбас жасау арқылы импорттауға тура
келіп отыр. Энергетика министрлігінің мә-
ліметіне сүйенсек, тәуелсіздік жылдарында
еліміздегі көмір өндіруші кәсіпорындар 2,3
млрд тонна көмір өндіріп, оның 600 млн
тоннадан астамы экспортқа шығарылса,
қалған көлемі ішкі қажеттілікті өтеген.
Еліміз көмірдің барланған қоры жағынан
8-орын алатыны белгілі. Десек те, көмір
көзінің де таусылатын кезі болады. Қазба
байлықты өндіру арқылы өндірісті ұлғайту-
186