Page 191 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 191
кіргізді. Кеңсе қызметкерін жаңылдырып, тез
иландыру үшін Жұмағұл бір жайды көптіріп,
екінші жайды шөмейте сөйлеп, есебін тауып
жүр. Ақыры бұл кеңсе Қадишаның арызын
қарастырып, аяғында Мақсұттан қалған дү-
ние-мүліктің бәрі «жас баласы – Жәмилаға
ауысады, содан басқа ие жоқ, ол ержеткен-
ше «опекун» Жұмағұл болады» деп бұйрық
берді.
Қадишаның ұлықтан әкеп отырған бұйры-
ғын естіген соң және өзінің көмексіз жалғыз-
дығын ойлаған сайын, кемпір есінен адаса
бастады. Көріне зорлық-қиянатты сезіп тұрса
да, не амал қыларын білмеді. Аяғында Құдай-
ға жылап-жалбарынып, «аһ» ұрып отырғанда,
есіне баласының бұрынғы жолдасы Мейірхан
түсті. Сол күні қасына ақсақ бауырын ертіп
алып, кемпір Мейірханға келді, жылады.
Мейірхан сүлдері құрып, жолдасынан түңі-
ліп қала берді. Бұл әңгіменің артынан Жұма-
ғұл, Ақтайлар сол күні-ақ «Мейірхан қызған-
шақтық қылып жүр» деп, сөзге таңа бастады.
Кемпір Жұмағұлдың ниеттерін естіген соң,
бір-екі күннің ішінде күйікті ойдың салмағы-
нан езіліп, бөлекше ауруға ұрынды. Есі ауып
қалып, шатасып сандырақтайтын әдет пайда
болды.
190