Page 195 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 195
Глоссарий
Гендік инженерия (генетикалық инжене-
рия) – генетикалық және биохимиялық әдіс-
тердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ,
тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта
кездеспейтін жаңа гендер алу.
Иммунитет (лат. im-munitas – «босап шығу»,
«арылу», «құтылу») – организмнің жұқпалы ау-
рулар қоздырғышын немесе олар бөліп шыға-
ратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық
қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті.
Ген (грек. genos – «тұқым», «тек») – тұқым
қуалаудың қандай да бір белгісін қалып-
тастыруға жауапты материалдық бірлік.
Генофонд (франц. genos және fond) –
бір популяциядағы не бір түрге жататын
организмдегі әртүрлі гендердің саны, құрамы.
Популяция (лат. populus – «халық») –
белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін,
бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі
жаңғыртып отыратын ағзалар тобы.
Штамм (нем. stamm – «негізі») – морфоло-
гиялық және биологиялық қасиеттері бірдей
микроорганизмдердің таза дақылы.
194