Page 36 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 36
2 күріш сортының авторы. Қазақстанда
алғаш рет өсімдіктер биотехнологиясы-
ның негізін қалаған профессор. Ғалымдар
І. Рахымбаевтың басшылығымен микрокө-
бейту әдісін пайдаланып, өсімдіктің 2400-
ден астам түрін шығарды. Осындай жұ-
мыстардың нәтижесінде сирек кездесетін
және жойылып бара жатқан өсімдіктердің
генофондысын сақтауға және көбейтуге,
сәндік өсімдіктердің бірегей сорттарын тез
арада көбейтуге мүмкіндік туды.
(Өсімдіктердің биологиясы және
биотехнологиясы институты жинақтаған
мәліметтерден)
3. Биотехнология және гендік инженерия
ғылымында отандық ғалымдардың ашқан жа-
ңалықтары туралы сұхбаттасыңдар. Қоғамдық-
саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай
тиісті сөздер мен фразаларды таңдап, орта
көлемді монолог дайындаңдар.
4. Жинақталған материалдар негізінде
көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және
жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар
құрыңдар.
35