Page 37 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 37
Мезгіл бағыныңқы сабақтас
құрмалас сөйлем
Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөй-
лемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін
құрмаластың түрі – мезгіл бағыныңқы
сабақтас құрмалас сөйлем.
Сұрақтары: Қашан? Қашаннан бері?
Қашанға шейін?
Бағыныңқы сөйлемінің баяндауышта-
ры мынадай тұлғалардан жасалады:
1. Жатыс септік тұлғасындағы есім-
шеден болады: Абай жолға шыққанда,
оның бар ойы ауылына тезірек жету еді.
2. Есімше тұлғалы етістік пен кез-
де, күнде, шақта, уақытта деген
мезгіл мәнді сөздердің тіркесінен бо-
лады: Жусан иісі мұрынға келген уа-
қытта, біз міндетті түрде Аянды еске
аламыз.
36