Page 49 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 49
бір бөлігі, радио, теле, кинохроникалық
бағдарламалардың жеке шығарылымы, ға-
ламтор ресурстарында орналастырылған
ақпарат.
Бұқаралық ақпарат құралының өнімін
тарату – мерзімді баспасөз басылымда-
рын сату (жазылу, жеткізу, үлестіру), ра-
дио, телебағдарламаларды эфирге шы-
ғару, кинохроникалық бағдарламаларды
көрсету және ғаламтор ресурстарында
ақпаратты орналастыру.
Бұқаралық ақпарат құралының редак-
циясы – бұқаралық ақпарат құралына
материалдар жинауды, дайындауды және
шығаруды жүзеге асыратын жеке тұлға не
заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі
болып табылатын шығармашылық ұжым.
Желілік басылым – ақпараттық-комму-
никациялық инфрақұрылым. Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан,
уәкілетті органда есепке қою рәсімінен өт-
кен ғаламтор ресурсы.
48