Page 51 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 51
Себеп бағыныңқы сабақтас
құрмалас сөйлем
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас
сөйлем – бағыныңқы сөйлем басыңқы
сөйлемде айтылған ойдың себебін біл-
діретін сабақтастың түрі.
Сұрақтары: Неліктен? Не себепті?
Неге? Не деп?
Бағыныңқы сөйлемінің баяндауышта-
ры мынадай тұлғалардан жасалады:
1. Есімшенің өткен шақ формасына
-дық+тан (-дік+тен) деген жұрнақ пен
жалғаудың қосылуы арқылы жасалады:
Өзі кешкі кезекте істейтін болғандықтан,
бүгін тынығып жатыр екен (Д.Исабеков).
2. Есімшенің өткен шақ формасына
соң шылауы тіркесуі арқылы жасала-
ды: Шаршап кеткен соң, екеуміз трак-
тордың көлеңкесіне жатып демалдық
(Д.Исабеков).
3. Көсемшенің -й жұрнағына біткен
етістіктің болымсыз түрінен жасала-
50