Page 70 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 70
§ 5. Қазақстан Республикасының
телеарналары
1. Қай отандық телеарналарды көріп
тамашалайсыңдар? «Qazaqstan» ұлттық
арнасының қандай бағдарламаларын
көресіңдер?
2. Мәтіндегі ақпаратты кесте не сызба
түрінде көрсетіңдер.
Қазақстанда 30-дан аса телеарна кө-
гілдір экраннан көрерменге өз жұмысын
ұсынуда. Соның ішінде ұлттық телеарна-
ның алатын орны зор. «Қазақстан» Ұлттық
телеарнасы – бірінші қазақстандық телеар-
на. 1958 жылдың 8 наурызында Алматыда
«Қазақстан» қонақүйі маңында орналасқан
телестудия тұңғыш рет хабар таратты,
желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық
хабар беріле бастады. Бұл ел тарихындағы
елең еткізер айшықты жаңалық еді. Тұңғыш
телеарна аз уақытта ұлттың үні, қоғамның
айнасына айналды.
69