Page 71 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 71
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ
теледидарының тарихында жаңа кезең
басталды. 1994 жылы 4 сәуірде Қазақстан
Президентінің жарлығымен «Қазақстан
теледидары мен радиосы» республикалық
корпорациясы болып құрылды. 2002 жыл-
дан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы деп
аталды. Ұлттық арна 100% қазақ тілінде ха-
бар тарататын еліміздегі ең алғашқы және
жалғыз телеарна ретінде отандық телеви-
зия тарихында алтын әріппен жазылды.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы хабар-
ларын 2003 жылдан бастап Қырғызстан,
Өзбекстан, Ресейдің Қазақстанмен шека-
ралас 12 облысы мен Қытайдың Шың-
жаң-Ұйғыр автономдық аудандарының
тұрғындары көре бастады. Бұған қоса Қа-
зақстанның түкпір-түкпірінде 14 филиалы
жұмыс жасап жатыр.
«Қазақстан» Республикалық телерадио-
корпорациясы АҚ құрамында «Қазақстан»
Ұлттық арнасы, «Қазақ радиосы», «Шал-
қар», «Классик» радиолары бар. Балаларға
арналған «Балапан», спортсүйер көрер-
70