Page 182 - Геометрия 7 сынып_KZ_original_II BOLIM_2019
P. 182

special.edu.kz.
 special.edu.kz.


                 Катет – тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрыш                                         special.edu.kz.

             жасап тұрған қабырғалары.

                 Кесінді  – түзудің берілген екі нүктесі мен
             олардың арасында жатқан барлық нүктелерінен
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             тұратын бөлігі.

                 Кесіндінің ортасы – кесіндіні тең екі бөлікке
             бөлетін нүкте.

                 Кесіндінің орта перпендикуляры – кесіндіге

             перпендикуляр және оның ортасы арқылы
             өтетін түзу.

                 Кесіндінің ұзындығы – бірлік кесіндіні беріл-
             ген кесіндінің бойынан неше рет орналастыру-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ға болатынын көрсететін оң сан.

                 Көлбеу – берілген нүктеден берілген түзуге
             жүргізілген кесінді.

                 Негізгі ұғымдар – анықтамасыз қабылда-
             натын ұғымдар.

                 Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық – пер-

             пендикулярдың ұзындығы.
                 Нүктелердің геометриялық орны – беріл-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ген қасиетті немесе бірнеше қасиетті қана-

             ғаттандыратын барлық нүктелерден тұратын
             фигура.

                 Параллель түзулер – бір жазықтықта жатқан

             және ортақ нүктесі болмайтын түзулер.
                 Перпендикуляр – берілген нүктеден беріл-

             ген түзуге түсірілген кесінді.


             180
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187