Page 183 - Геометрия 7 сынып_KZ_original_II BOLIM_2019
P. 183

special.edu.kz.
 special.edu.kz.


            Перпендикуляр түзулер – тік бұрыш жасап                                              special.edu.kz.

        қиылысқан екі түзу.

            Сәуле – жарты түзу.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Сүйір бұрыш – тік бұрыштан кіші бұрыш.
            Сүйір бұрышты үшбұрыш – барлық бұрыш-

        тары сүйір болатын үшбұрыш.

            Сыбайлас бұрыштар – бір қабырғасы ортақ,

        ал  басқа  екі  қабырғасы  бір  түзудің  бойында
        жататын екі бұрыш.

            Тең бұрыштар – екі бұрышты беттестіргенде

        сәйкес қабырғалары мен төбелері дәл келетін
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        бұрыштар.
            Тең кесінділер – беттестіргенде ұштары дәл

        келетін кесінділер.

            Тең үшбұрыштар – сәйкес қабырғалары
        мен бұрыштары тең болатын үшбұрыштар.

            Тең фигуралар – сәйкес нүктелері беттесе-

        тін екі фигура.

            Теңбүйірлі үшбұрыш – екі қабырғасы тең
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        болатын үшбұрыш.
            Теңқабырғалы үшбұрыш – барлық қабыр-

        ғалары өзара тең болатын үшбұрыш.
            Теорема – ақиқаттығы дәлелденетін сөй лем.

            Тік бұрыш – жазыңқы бұрыштың жартысы

        немесе өзінің сыбайлас бұрышына тең болатын

        бұрыш.                                                                    181



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188