Page 209 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 209

140-сурет. Тарихи-өлкетану мұражайы. Ақтөбе қаласы

        Осының арқасында біздің дәуірімізге дейін де оның бойын-

        да  қала  мәдениеті  дами  бастады.  ХХ  ғасырға  дейін  Орта-
        лық Қазақстанның кеңдігінде мал шаруашылығы өркендеді.
        Еліміздің  әр  өңірлерінің  өз  ерекшеліктері  бар.  Әр  өңірдің
        басқаларына ұқсамайтын өз тарихы бар. Әр аймақтың әр ке-
        зеңдегі адамдардың өмірі туралы өз аңыздары бар.
            Дәл осы ерекшеліктерді өлкетану зерттейді. Өлкенің ерек-
        шеліктерін  зерттейтін  тарихшыларды  өлкетанушылар  деп
        атайды.
            Өлкетанушылар жергілікті өлкенің тарихи оқиғаларымен

        байланысты  тарихи  дереккөздерді  зерттейді.  Олардың  ең-
        бектерінің арқасында біз өлке аумағында не болғанын және
        қашан  болғанын  білеміз.  Кейде  атақты  батырлар  мен  хан-
        дардың  қайсысы  және  олардың  қашан  облыс  аумағында
        өмір сүргендігін білуге болады. Өлкетанушылар тапқан және
        жинаған аңыздар мен мифтерден біз таулардың, өзендердің,
        көлдердің  және  жекелеген  жерлердің  атаулары  қайдан

        шыққанын білеміз.


                                                                                       209
   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213   214