Page 204 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 204
Қазақстан экономикасын дамытуды жалғастыруда.
Адам дардың дамуы мен әл-ауқатына көптеген ресурстарды
салуда. Мұның бәрі тәуелсіздік алудың арқасында мүмкін
болды.
Еліміздің тәуелсіздігі – халықтың ең маңызды олжасы.
Біздің әрқайсымыздың міндетіміз – республикамыздың тәу-
елсіздігін және оның жетістіктерін бағалау және құрметтеу.
Егемен мемлекет – бұл басқа мемлекеттің еркіне
бағынбай, өз заңдары бойынша өмір сүретін тәуелсіз
мемлекет.
Елтаңба – көрнекі тану белгісі, мемлекет рәміздерінің
бірі.
Ту – мемлекеттің символы, белгілі бір мөлшері және
түсі бар мата.
Әнұран – салтанатты патриоттық ән, мемлекет рәміз-
дерінің бірі.
? 1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін ата. Осы күн
казақ халқы үшін неліктен қымбат?
2. Еліміздің үш Мемлекеттік рәміздерін ата.
3. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміз үшін неге қиын болға-
нын айтып бер.
4. Не үшін біздің мемлекетімізді бүкіл әлемде құрметтейді?
5. Қазақстанның мемлекеттік әнұранын айтыңдар. Әнұранның
сөздерін қалай түсінесіңдер? Әнұран сендерде қандай се -
зім оятады?
204
204