Page 202 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 202
138-сурет. Нұр-Сұлтан қаласы – Қазақстанның астанасы
1997 жылдың 6 шілдесінде Қазақстанның елордасы Ал-
матыдан Ақмола қаласына көшірілді. 2019 жылы еліміздің
Тұңғыш Президенті, жаңа астананы құрудың бастамашы-
сы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне елорда Нұр-Сұлтан
деп аталды. Жаңа елорда – шындыққа айналған Қазақстан
халқының арманы. Бұл біздің жас мемлекетіміздің тәуелсізді-
гі мен жетістігінің символы.
Қазақстан дамуының алғашқы жылдары оңай болған жоқ.
КСРО-ның 15 республикасы бөлініп шыға салысымен, барлық
бөлініп жатқан мемлекеттердің экономикасы қатты зардап
шекті. КСРО-да бүкіл экономика мен шаруашылық салалары
республикалар арасында бөлінді. Зауыттар мен фабрика-
лар, электр желілері бүкіл Кеңес еліне ыңғайлы болатындай
етіп салынды. Мысалы, Екібастұзда өндірілген электр энер-
гиясы Сібір мен Оралға кетті. Ал оңтүстік және шығыс Қа-
зақстан электр қуатын Қырғыз КСР мен Өзбекстан КСР-інен
202
202