Page 198 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 198

таңдалған ғарышкерлер бірнеше айлық жаттығулардан өтеді.

             Тек содан кейін олар ғарышқа ұшады.
                 Алғашқы  қазақстандық  ғарышкер  Тоқтар  Әубәкіров.  Не-
             гізінен  ол  ұшқыш  еді,  ұшақтардың  жаңа  түрлерін  сынақтан
             өткізетін. Ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алған.
             1991 жылғы 12 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ол ға-
             рышқа ұшты.
                 Ғарышқа ұшуды тағы екі қазақстандық Талғат Мұсабаев

             пен Айдын Айымбетов жасады. Талғат Мұсабаев Гиннестің
             рекордтар  кітабына  енгізілген:    ол  әлемде  бірінші  болып  1
             тәуліктен астам ашық ғарышта болды.
                 КСРО ыдырағаннан кейін «Байқоңыр» Тәуелсіз Қазақстан
             аумағында қалды. Ресеймен ғарыш айлағын бірлесіп пайда-
             лану туралы шарт жасалынды. Қазақстан ғарышқа ұшырып,
             экономикада өзінің спутниктерін пайдаланады.
                 XXI ғасырда Қазақстан өзінің ғарыш аппараттарын құра-
             стыру жұмыстарын бастады

                 «Байқоңыр» ғарыш зымырандарын ұшыру жүзеге асыры-
             латын әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы болып қала береді.


                    Ғарышкерлік – ғарышқа ұшуға, ғарышты зерттеуге, ға-
                рышты коммерциялық және ғылыми мақсаттарда пайда-
                лануға мүмкіндік беретін ғылымдар мен салалар кешені.
                    Ғарыш  айлағы  –  ғарыш  аппараттарын  ұшыруға  ар-

                налған арнайы жабдықталған орын.


               ?       1.  Ғарышкерлік дегеніміз не?
                      2.  Ғарыштық ракеталар қай жерден ұшырылады?
                      3.  Ғарыш айлағын салу үшін орын қалай таңдалды? Мәтіннен
                          оқы.
                      4.  Әлемдегі алғашқы ғарышкер туралы айтып бер?
                      5. Қазақстандық ғарышкерлерді ата?
                      6. «Космонавтика күні туралы» видеобейнені қараңдар. Одан
                          қандай  жаңа  мәлімет  алдыңдар?  Талқылаңдар.  (https://
                          youtu.be/UmV2SgrfEZg)


           198
           198
   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203