Page 201 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 201

ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН



            Хабардар боласың:
            Қазақстан тәуелсіздігінің негізгі кезеңдері туралы.


            70  жылға  жуық  уақыт  бойы  Қазақстан  Кеңестік  Социа-

        листік Республикалар Одағының бір бөлігі болды. 1991 жылы
        саяси  өзгерістердің  нәтижесінде  КСРО  15  тәуелсіз  мемле-
        кетке бөлінді. Қазақстан да тәуелсіз егемен мемлекет – Қа-
        зақстан  Республикасына  айналды.  Енді  Қазақстанның  өз
        шекарасы, үкіметі, заңдары, банктері мен армиясы болды.
            1991  жылғы  1  желтоқсанда  Қазақстан  тарихындағы  ал-
        ғашқы бүкілхалықтық сайлауда Президент болып Нұрсұлтан
        Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1991 жылдың 16 желтоқса-
        нында Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Сондықтан

        жыл  сайын  16  желтоқсанда  барлық  қазақстандықтар  Қа-
        зақстанның Тәуелсіздік күнін атап өтеді.
            1992  жылы  Тәуелсіз  Қазақстанның  жаңа  Мемлекеттік
        рәміздері – Елтаңба, Ту және Әнұран қабылданды.
            Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Орыс тілі
        ұлтаралық қатынас тілі болып қала берді. Себебі Қазақстан -
        көп ұлтты мемлекет.
























                      137-сурет. Қазақстанның Елтаңбасы мен Туы



                                                                                       201
   196   197   198   199   200   201   202   203   204   205   206