Page 203 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 203

алды. Қазақстанның батысында өндірілген мұнай мен газ Ре-

        сейге, одан әрі Батысқа кетті. Ал Қазақстан Ресейдің мұнай-
        ымен және Өзбек КСР-інен газбен қамтамасыз етілді. КСРО
        ыдырағаннан кейін барлық осы экономикалық байланыстар,
        жабдықтау және материалдар, ресурстар мен жабдықтармен

        алмасу тоқтады. Қазақстанда зауыттар мен фабрикалар жа-
        была бастады.
              Сонымен  қатар,  жүздеген  мамандар  Қазақстаннан  кете
        бастады. Бұл КСРО Үкіметі атынан Қазақстанға басқа респуб-
        ликалардан келген мамандар болатын. Сондай-ақ ұзақ жыл-

        дар бойы Қазақстанға күштеп қоныс аударылған халықтар-
        дың өкілдері жартылай кете бастады.
            Біртіндеп, 1990 жылдардың аяғында ел экономикасы бір
        қалыпқа  түсе  бастады.  Қазақстан  үкіметі  елдің  және  оның

        халқының  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  өздігінен  шешім
        қабылдай  алды.  Болашақта  көптеген  жаңа  зауыттар  мен
        фаб рикалар  салынып,  ескілерін  қалпына  келтіру  шешімі
          қабылданды.
            Халықтың  әл-ауқаты  мен  денсаулығын  жақсартуға  көп

        қаражат бөлінді. Ақысыз жалпы орта білім беруді сақтауға
        мүмкіндік  туды.  Үкімет  балалар  мен  жастардың  дамуына
        ерекше назар аударады. Көптеген жаңа университеттер мен
        институттар ашылды. Мектептер мен балабақшалар салы-
        на  бастады.  Қазақстандық  ғылым  мен  мәдениет  белсенді

        дами  бастады.  Қазақ  тілі  мен  қазақ  әдебиетінің  мәртебесі
          көтерілді.
            Өзінің  білікті  халықаралық  саясаты  үшін,  әлемдік  қо-
        ғамдас тық  алдындағы  қызметі  үшін  Қазақстан  бүкіл  әлем-
        де беделді елге айналды. Біздің еліміз ядролық қарудан бас

        тарт ты. Кеңес Одағы кезінде ядролық қару сыналған Семей
        полигоны жабылды. Сонымен, Қазақстан бүкіл әлемге өзінің
        бейбітшілігі  мен  басқа  елдермен  өзара  әрекеттесу  үшін
        ашықтығын көрсетті.



                                                                                       203
   198   199   200   201   202   203   204   205   206   207   208