Page 199 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 199

1950–1980 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН

                                  БІЛІМНІҢ ДАМУЫ



            Хабардар боласың:
            Соғыстан кейінгі ғылымның дамуы туралы;
            Қаныш Сәтбаевтың кім екендігі туралы;

            білімнің дамуы туралы.


            Соғыстан кейінгі кезең қазақстандық ғылымның даму ке-
        зеңіне айналды. Жаңа зерттеу институттары ашыла бастады.

            1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды. Оның
        алғашқы жетекшісі  көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев болды.
            Қаныш  Сәтбаев  Қазақстан  ғылымының  дамуына  үлкен

        үлес қосты. Ол ғалымдарға қолдау көрсетіп, оларға ғылыми
        жобаларды  қаржыландыруға  көмектесті.  Оның  өзі  көрнекті
        ғалым-геолог  еді.  Сәтбаевтың  тікелей  басшылығымен  Қа-

        зақстанның  пайдалы  қазбаларының  картасы  жасалды.  Ол
        Жезқазғандығы  мыс  пен  марганец  кен  орындарын  ашты.
        Оның зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Жезқазған аума-
        ғындағы мыс қоры екі миллион тоннадан асатыны анықтал-

        ды.  Ол  кезде  барланған  қорлар  ішіндегі  әлемдегі  ең  үлкен
        қоры болып саналды. Сәтбаев тапқан марганецтің арқасын-

        да Қазақстандағы көптеген зауыттар қайтадан жұмыс істей
        бастады.
            1950–1980 жылдардағы ашқан ғылыми жаңалықтары үшін
        7 қазақстандық ғалым Социалистік Еңбек Ері атанды. Бұл

        Кеңес  Одағындағы  әскери  марапатқа  жатпайтын  ең  жоға-
        ры марапат болған. Білім беру жүйесі де өз дамуын жалғас-
        тырды.

            Барлық ірі және орта елді мекендерде жалпы білім беретін
        мектептер салынып, ашылды. 1959 жылдан бастап барлық ба-




                                                                                       199
   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203   204